![Мәскеуде балалардың халықаралық музыкалық фестивалі басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77661.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ресей астанасында «Әлем халықтарының мәдениеті» атаумен балалардың халықаралық музыкалық фестивалі өтіп жатыр.
Фестивальге еліміздің атынан Шығыс Қазақстан облысынан келген жас таланттар қатысуда.
Семейдегі дарынды балаларға арналған балет мектебі мен №2-ші музыкалық мектептің шәкірттері өз өнерлерін көрсетіп, Мәскеу жұртшылығына қазақтың ұлттық билері мен халық әндерін таныстырды.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеуде балалардың халықаралық музыкалық фестивалі басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16285/)