Орталық коммуникациялар қызметі Жолдаудың қортындысына қатысты жүргізген жедел-сауалнама деректерін жариялады. Зерттеу кеше еліміздің 20 өңірінде жүргізілген. Оған 18 жастан асқан 800 қазақстандық онлайн қатысты.
Сауалнама нәтижелері көрсеткендей азаматтардың 43,46%-ы Мемлекет басшысы Жолдауының мазмұны туралы жақсы хабардар. Ал, 48,88% жаңа шаралар туралы естігенімен егжей-тегжейін білмейді. Ал 7,67%-ы онымен әлі танысып үлгермеген. 14,73%-ы бейтарап әсер қалдырса, теріс әсер 1,11% құраған. Ал, тұрғындардың 80,07%. оң әсер қалдырыпты.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлеуметтік сауалнама: Тұрғындардың басым бөлігі жолдау туралы оң пікірде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162960/)