Халықтың банктер мен өзге қаржы ұйымдарына қарызы 12 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Бірінші несие бюросының өкілдері хабарлады. Мәліметке қарай, қазір 7 млн 400 мың адамның кредиті бар. Олардың шамамен 254 мыңы жеке кәсіпкер. Өткен айда Кірістер комитеті Алматының өзінде 1 млн азаматтың банк алдында несиесі бар екенін жариялаған. 450 мыңнан аса тұрғынның қарызды қайтару мерзімі 90 күннен асқан.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Халықтың банктер мен өзге қаржы ұйымдарына қарызы 12 трлн теңгеден асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162964/)