Елордада өңірлерден келетін дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бүгін-ертең Жамбыл облысының шаруалары өз өнімдерін ұсынады. Әулиеаталықтар құны 423 миллион теңге болатын 496 тонна тауар алып келген. Оның ішінде ет, тауық еті, шұжық, жұмыртқа, балық, көкөністер мен жеміс-жидек бар. Жәрмеңкеде шаруаларға өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға жағдай жасалған. Нәтижесінде мұндағы баға нарықтағыдан 10-20% төмен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162994/)