Президент төтенше жағдай салдарын жою үшін Үкіметке қажетті қаражат бөлу туралы тапсырма берді. Мемлекет басшысы Премьер-Министр, Төтенше жағдайлар министрі мен Қостанай облысы әкімінің өрт аймағындағы жағдай туралы есебін тыңдады. Барлық мемлекеттік органның жұмысын Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу мен Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов үйлестіреді. Олар Қасым-Жомарт Тоқаевқа өртті ауыздықтап, елдімекендерден азаматтарды эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы жедел баяндап отыр. Президент азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрт сөндіруге басымдық беруді жүктеді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент төтенше жағдай салдарын жою үшін шұғыл тапсырма берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162997/)