Аманат партиясы Қостанай облысындағы алапат өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін еліміздің барлық өңірінен гуманитарлық көмекті қабылдау пункттерін ашты. Ниет білдірген кез-келген азамат сонда барып қол ұшын соза алады. Қабылдау орындарының мекен-жайларын экрандағы кестеден көре аласыздар.
Қостанай облысындағы өрт кезінде эвакуцияланған тұрғындарға жерлестері гумманитарлық көмек көрсетпек. Қазір еріктілер халыққа қажетті азық-түлік өнімдерін жинап жатыр. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл". Қазір елдің түкпір-түкіпірінде зардап шеккендерге қол ұшын созуға ниет білдіріп жатқандар көп.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Аmanat» партиясы еліміздің барлық өңірінен гуманитарлық көмекті қабылдау пункттерін ашты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163018/)