Атырауда мұнай газ саласы кадрларын дайындайтын Ресейлік университеттің филиалы ашылды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 11 ақпанында Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен көпжақты келіссөз жүргізген болатын. Нәтижесінде, елімізде Ресейдің ең үздік техникалық университеттерінің филиалдары ашылатыны жөнінде арнайы мәлімдеме жасаған. Бұл елдегі инженерлік-техникалық бағыттағы мамандар тапшылығын жоюға ықпал етеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда ресейлік университеттің филиалы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163167/)