«Арселор Миттал» Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құймақ. Оның басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания басшысы Лакшми Миттал баяндады. Ақордадағы қабылдау кезінде өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарға әділ еңбекақы төлеу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және материалдық-техникалық базаны жаңғырту мәселелері талқыланды.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Арселор Миттал» Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құймақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163176/)