Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-съезіне 50-ден аса елден 100-ден астам делегация қатысады. Бүгін Сенат төрағасы және съезд хатшылығының меңгерушісі Мәулен Әшімбаев, Мемлекет басшысына маңызды шараның дайындығы туралы есеп берді. Дінаралық форумға Рим Папасы Франциск, Әл-Азһардың Жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб және басқа да діндер көшбасшылары қатысады деп жоспарланған. Қазірдің өзінде 200-ден астам шетелдік және 300-ден көп Қазақстанның БАҚ өкілдері тіркеуден өткен.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Съезге дайындық: Президент Мәулен Әшімбаевты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163179/)