Қытайдың Сычуань провинциясында дүйсенбіде болған қуаты 6,8 балдық зілзаладан қаза тапқандар 74-ке жетті. 15 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 253 тұрғын түрлі жарақат алған. Ауыр халде жатқандар бар. Зардап шеккендердің көбі – Ганзи Тибет автономиялық округі Лудин уезінің тұрғындары. Іздеу-құтқару жұмыстарына 6 мың 600 құтқарушы, тікұшақтар, резеңке қайықтар, ауыр техника жұмылдырылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайдағы зілзала: Қайтыс болғандар саны 74-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163215/)