Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады. Онда президент Қазақстан халқының және өзінің атынан Лиз Трассты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады.
Жеделхатта Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Қазақ-британ көпқырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту және өзекті жаһандық мәселелер бойынша ұстанымдарымызды үйлестіру үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын екенімді жеткізгім келеді – деп жазылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания премьер-министрін жаңа қызметімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163224/)