![Әзілхан Нұршайықов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77681.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әзілхан Нұршайықовтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
Әзілхан Нұршайықов «Қазақ пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде еңбек еткен. 1953-1956 жылдар аралығында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің, 1963-1965 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
Жазушының «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз» романдары бүгінде жастардың іздеп оқитын тағылымы мол туындылардың қатарында.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әзілхан Нұршайықов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16327/)