Ақтөбеде банк менеджері компаниялардың бірінен қомақты қаржы жымқырған. Ол өз әрекетін 4 жыл бойы жүзеге асырып келген. Шығын көлемі – 777 миллион теңге.
Кінәсін ішінара мойындағанымен, шығын көлемімен келіспеді. Мемлекеттік айыптаушы оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда,кішкентай баласы бары ескеріліп, 5 жыл арқалады. Сондай-ақ, 10 жыл банк саласында қызмет ету құқығынан айрылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде банк менеджері 777 миллион теңге жымқырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163295/)