Кариб теңізі жағалауындағы Гаитиде жүздеген адам шеруге шығып, шарықтап бара жатқан инфляция мен өршіген қылмысқа наразылық білдірді. Ашынған жұрт ел астанасы Порт-о-Пренс көшелерінде дөңгелектерді өртеп, премьер-министр Ариэль Генриден елде тәртіп орнатуды талап етті.
Демонстранттардың айтуынша, ұрлау, тонау, кісі өлтіру, зорлау оқиғалары жиілеп, қылмыскерлер жазасыз қалып отыр. Бұған қоса, Гаитиде азық-түлік пен жанармай қымбаттап, халықтың жағдайы тіпті нашарлап барады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Гаитиде шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163297/)