Онлайн сауда одан сайын оңтайлана түспек. Сауда министрлігі электронды төлем жүйелерін стандарттауды қолға алды.
Жыл соңына дейін кез-келген банктың қосымшасымен төлем жасауға жағдай жасалмақ. Бұл туралы Халқаралық қаржы орталығында өткен Электронды сауда форумында айтылды.
Әсел Жанасова, ҚР сауда және интеграция вице-министрі:
Барлық банктер бір-бірінің QR кодын оқи алуы қажет. Кәсіпкер 10 түрлі пост терминал сатып алмауы керек. Бір терминал барлық төлемдерді қабылдауға тиіс. Банктер жыл соңына дейін өз жүйелерін жетілдіріп үлгереді деп ойлаймын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Енді электронды төлем жүйелері стандартталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163309/)