Алматыда ашық аспан астында оркестрлер фестивалі өтті.
Қала тұрғындарына қазақ фолк, симфониялық және электрондық музыканы біріктірген бірегей бағдарлама ұсынылды.
Бір сахнада «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі және DJ PUZA-мен бірге Мемлекеттік симфониялық оркестр өнер көрсетті. Бағдарлама қала күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Осы концерттің жалғасы бүгін де өтеді деп жоспраланған. Оған Urker, Aldaspan, Lamp Orchestra секілді Қазақстанның рок-топтары қатысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда оркестрлер фестивалі өткізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163312/)