Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдерінің өңірлердегі өрт сөндіру туралы шұғыл баяндамаларын тыңдады. Аймақ басшылары қолға алынған жұмыстар мен алдағы іс-әрекет жоспары туралы баяндады. Сонымен қатар табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету мен залалды қалпына келтіру жұмыстары айтылды. Мемлекет басшысы Премьер-министрге Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелерін арнаулы техникамен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өңірлердегі өрт: Президент әкімдердің есебін тыңдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163318/)