Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің аясында Рим Папасы Францисктің қатысуымен кең ауқымды діни месса өтеді. Бұл рәсімге 10 000-ға жуық адам қатысады деп жоспарланған. Меймандардың басым бөлігі Румыния, Германия, Польша, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Әзербайжан, Грузия, Түрікменстан, Беларусь, Тәжікстан елдерінен келеді. Іс шара 14-қыркүйек күні EXPO көрме орталығындағы «Нұр әлем» павильонынның алаңында өтеді. Мессаға кез келген дін мен конфессия өкілдері қатыса алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемдік діндер съезі «Нұр әлем» павильонынның алаңында өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163322/)