Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді. 37 жастағы тұрғын қаланың бірнеше жерінде 1 келіден астам синтетикалық затты сақтаған. Тергеу барысында күдіктінің жалдамалы пәтері де тексерілді. Полиция қызметкерлері ас үйден жасыл және ақ түсті ұнтақ оралған 300-ден астам бума тапты. Сонымен қатар, ішінде түйіршіктері бар 5 пластикалық ыдыс анықталды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Полицияның мәліметінше, ол синтетикалық есірткіні интернет арқылы алған.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163344/)