Елордада ТМД-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен ART-EXPO халықаралық көрмесі ашылды. Шара Ұлттық музейде өтіп жатыр. Онда Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Беларусь суретшілерінің, мүсіншілерінің және қолданбалы өнер шеберлерінің туындалары бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «ТМД-ның халық шығармашылығы мен мәдени мұрасы жылы» деп жариялаған еді. Көрме де сол идеяны жүзеге асыру аясында өтіп жатыр. Халықаралық іс-шара 10 қыркүйекке дейін жалғасады.
Нұрғиса Дәуешов, ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары:
Биылғы жылдың тақырыбы – «Халық шаруашылығы» Сондықтан ТМД елдері мүшелері өздерінің халық шығармашылығын көрмеге әкеліп қойып жатыр. Бұл біз үшін әрине, мәдени байланысты нығайтатын үлкен іс-шара.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ТМД-ға мүше мемлекеттердің халықаралық көрмесі басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163358/)