Мұндай шешімді елдің қорғаныс министрі Ллойд Остин АҚШ-тың Германиядағы әуе базасында жариялады. Қаражат Украина мен оған көршілес 18 мемлекеттің қауіпсіздігін арттыруға инвестиция түрінде бөлінеді. Соның ішінде Киевке 675 млн долларға қару-жарақ беріледі. Дәлірек айтсақ, Украина армиясының арсеналы оқ-дәрі, хамви жүк фургондары мен танкіге қарсы жүйелермен толығады. Украинада қарулы қақтығыс басталғалы бері мыңдаған адам қаза тауып, көптеген қала қирады. Соңғы апталарда Запорожье атом электр станциясындағы жағдайға қатысты алаңдаушылық артты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ Украина мен одақтастарына 2 млрд 800 миллион доллар көмек бөлмек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163370/)