Мемлекет басшысы үш өрт сөндірушіні мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Абай облысы, Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, №14- өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі - Тоғызбаев Айдос Ерұланұлын, сондай-ақ осы бөлімнің командирі Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлын - ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және осы бөлімнің өрт сөндірушісі Нұрлан Сәлімжанды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өрт сөндіру кезінде қаза тапқан қызметкер мемлекеттік наградамен марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163424/)