Әулиекөл ауданындағы ірі табиғи өрт толықтай сөндірілді.
Еске сала кетейік, 2 қыркүйекте Әулиекөл ауданының Басаман және Семиозер орман шаруашылығында ағаштар мен құрғақ шөптер өртенген. Өрт аумағы - 43 мың гектар. Екі елдімекендегі 91 тұрғын үй жанып кетті. Эвакуацияланғандар үйлеріне оралды, қалғандары туыстарында қалды. 12 адам өрт кезінде жеңіл және орташа жарақат алған. Зардап шеккен 3 адам Әулиекөл аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Жедел желіге 38 қоңырау түсіп, 87 азаматқа психологиялық көмек көрсетілген.
Қостанай облысында орман өрті кезінде 8 адам жоғалған. Оның біреуі әлі табылған жоқ. Әулиекөл ауданының 73 жастағы тұрғыны полиция бөліміне келіп, 56 жастағы ұлын іздеуге көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Ер адам 3 қыркүйекте Аманқарағай ауылындағы эвакуациялау кезінен жоқ. Қазір оны іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр.
Дәуренбек Әбдібек, Қыдырәлі Ахметбеков
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында өрт кезінде жоғалған ер азамат табылмай жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163425/)