Осы сьездің хронологиясын жалғастырайын. Бұған дейін 1, 2, 3-сьездерге тоқталғанбыз.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төртінші съезі 2012 жылдың 30-31 мамырында өтті.
Съез «бейбітшілік пен келісім - адамзаттың таңдауы ретінде» тақырыбына арналды. Саммитке әлемнің 40 елінен барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдардан 85 делегация қатысты.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші съезі. 2015 жылдың 10-11 маусымында өтті. Съез «бейбітшілік пен даму мақсатындағы діни лидерлер мен саясаткерлер арасындағы диалог» тақырыбына арналды. Съезге әлемнің 42 елінен барлық әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері мен халықаралық ұйымдардан 80-нен астам делегациясы қатысты.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алтыншы съезі. 2018 жылдың 10-11 қазанында өтті. Съез «діни лидерлер – қауіпсіз әлем үшін» тақырыбына арналды. Саммит жұмысына әлемнің 43 елінен 82-ден астам делегация қатысты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. Дерек пен дәйек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163433/)