Елордада балалардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін алғаш рет ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті.
Шараға 4 мыңдай адам қатысты. Отандық және шетелдік мамандар білім берудегі озық технологиялар мен креативті ойларын ортаға салды. Ойын түрінде өткен сабақтар ата-аналар мен балаларға шабыт берді. Мамандар мұндай шаралар жеткіншектердің заманауи технологияларды жақсы меңгеруіне мүмкіндік беретінін айтады. Соның бірі – робототехника шеберлері көпшілікке тың жобаларын таныстырды.
Алдияр Жұмаділ, көрмеге қатысушы:
Біз осыны лифт деп атаймыз. Біздің лифтіміз осы роботты көтереді. Негізінде осы робот мусорды жинау керек. Осыны үйрену үшін әрбір бала істей алады осы инструменттермен бүкіл құралдармен үйренуі керек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада алғаш рет ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163438/)