Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльзге оның таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.
«Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, қарқынды саяси диалогқа, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген берік стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Түрлі салалардағы, оның ішінде халықаралық аренадағы жан-жақты ынтымақтастығымыз достас халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне кәміл сенімдімін», – деп жазылған жеделхатта.
Құттықтау соңында Президент Корольге барлық игі бастамаларына толағай табыс, ал король отбасы мүшелері мен барлық британдықтарға бақыт пен өркендеу тіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан Президенті Король ІІІ Чарльзді таққа отыруымен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163458/)