«Әлемді қаржы-экономикалық тұрақсыздықтың жаңа толқыны жайлаған уақытта, Президент өкілеттігі мерзімін қайта қарау ұсынысы - ертеңін ойлаған елдің байыпты қадамы». Бельгиядағы Диломатиялық әлем институтының сарапшысы осылай деді. Альберто Тюркстраның пайымынша, сайлауды биыл өткізу жаңа экономикалық саясатты тиімді жүзеге асыруға серпін береді. Президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу саяси бәсекелестікті арттырады, дейді ол.
Альберто Тюркстра, Дипломатиялық әлем институтының сарапшысы:
Қазіргідей геосаяси жағдайдың күрделі кезеңінде Қазақстанды қиындақтардан алып шығатын, елдегі реформаларды әрі қарай ілгерілететін сенімді мандат керек. Бір мерзіммен 7 жылға сайланса, осы уақыт аралығында Президент елдің дамуына бағытталған реформаларды жүзеге асыруға бар күш-жігерін салатыны анық. Қазақстанның осы тың тәжірибесін аймақтағы басқа мемлекеттер де енгізеді деген сенімдемін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шетелдік сарапшы: Президент өкілеттігі мерзімін қайта қарау – ұтымды шешім&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163463/)