Қазгидрометтің болжамынша бүгін еліміздің солтүстігі, шығысы және оңтүстік-шығысына жаңбыр жауады, шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде Алматы облысының таулы аудандарында нөсер жауын жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ жауады. Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан обласының солтүстік-шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүреді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда күн суытады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163469/)