Елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық қыза түсті. Бұл біздің елде өткелі тұрған жетінші басқосу. Жиынға 50-ге жуық мемлекеттен делегация келеді. Сарапшылардың пікірінше, дәстүрлі дін жетекшілерінің қызығушылығы жоғары. Себебі ортақ талқылайтын тақырып аз емес.
Ерлан Сайыров, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
Дүние жүзінде геосаяси, геоэкономикалық, рухани, діни конфликтердің потенциалы өсіп келе жатыр. Міне, сондықтан бүгінгі таңда сол шиеленістерге қарсы белгілі бір екпе керек. Қазақстандағы осындай іс-шаралар дүние жүзіндегі шиеленіс потенциалын кеміту үшін, менің ойымша, өте қажет.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемдегі шиеленістерді шешетін алаң: Ерлан Сайыров Әлемдік діндер съезі туралы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163484/)