Бауырлас елден келген қонақтарға Семейдегі Татар өнер мектебі таныстырылды. Абай облысының басшылығы Татарстан мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесу өткізіп, екі жақты байланысты жан-жақты нығайту жайы айтылды. «Бейбітшілік аралында» өткен мерекелік шара аясында спорттық сайыстар мен ұлттық ойындар ойнатылды. Татар ұлтының салт-дәстүрі мен өнерін паш ететін концерттік бағдарлама ұсынылды. Қонақтар Абай Құнанбаев пен татардың халық ақыны Ғабдулла Тоқайдың ескерткішіне тағзым етіп гүл шоқтарын қойды.
Альбина Насырова, Татарстан республикасы мемлекеттік кеңесінің мүшесі:
Қазақстанға келуге қашанда асығып тұрамыз. Халқы мейірімді, қонақжай. Қала, облыс өркендей берсін деп тілеймін. Екі ұлтқа да ортақ дүние көп. Мәдениетіміз бен әдебиетімізі, музыка мен өнеріміз. Экономикалық қарым-қатынасымыз да тығыз. Сондықтан бұл байланыс одан әрі дами берсін.