Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады. Марат Омаров монополияға қарсы тергеу жұмыстары туралы есеп берді. Жыл басынан бері осы сала бойынша 300-ге жуық арыз-шағым түсіп, олардың 78 пайызы оң шешімін тапқан. Агенттіктің негізгі міндеті - нарықтың барлық қатысушыларына тең жағдай жасау. Осы орайда жеке кәсіпкерліктің үлесін арттыруға, экономиканың негізгі салаларында бәсекелестікті дамыту жұмысына ерекше көңіл бөлінеді, - деді Марат Омаров.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163518/)