Депозитте ақшасын ұлттық валютамен жинаған азаматтардың келер жылы наурызда 10% сыйақы алуға мүмкіндігі бар. Елдегі банктер теңгемен жиналған депозит иелерінен өтінім қабылдауды бастады. Салымшылар банк бөлімшесіне бармай-ақ онлайн өтініш бере алады. Ол үшін биыл ақпаннан бастап келер жылға дейін депозитте жинаған қаржыңыз есептеледі. Мұндай өтемақы бір рет ғана беріледі. Сомасы 2 млн теңгеден аспайды. Оған салық салынбайды.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Депозитте ақша жинаған азаматтардың келер жылы наурызда 10% сыйақы алуға мүмкіндігі бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163530/)