![«Бабалар сөзі» сериясының 100 томдығы шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77701.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Көрмеге қатысқан зиялы қауым, фольклортанушы-этнографтар көптомдыққа әлемде теңдесі жоқ бірегей жоба, қазақтың жері қандай бай болса, руханияты да сондай бай екенін, осы «Бабалар сөзі көрсетеді» деген баға берді.
100 томдық - атадан балаға ауызша аманат болып, XVII-XX ғасыр аралығындағы араб, парсы, латын, қадім, шағатай, төте араб жазуымен түрлі сапада там-тұмдап болса да хатқа түскен ұлттық мұра.
Осыдан 10 жыл бұрын Елбасы бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында басылған топтама ғылыми басылымдардың жүйесінде дайындалған.
Жазира ИСАЕВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Бабалар сөзі» сериясының 100 томдығы шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16367/)