Елордада өткен дін көшбасшылары съезінің аясында «Қазақстанның халал индустриясы қауымдастығы» Малайзияның Исламдық даму департаментінің өкілдерімен кездесті. Жиында халал өнімдер секторын дамыту, өндіріс пен қызметтерді ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның халал өнімін әлемдік нарыққа экспорттауды қаржыландыру, сақтандыру және ілгерілету мәселелері сөз болды. Қазіргі уақытта 3000-нан астам қазақстандық компания сертификатталған. Осы форматтағы кездесулер отандық қана емес, жаһандық Халал нарықтың одан әрі дамуына ықпал етеді, дейді мамандар:
Марат Сәрсенбаев, Қазақстандағы халал индустрия қауымдастығының төрағасы:
Әлемдегі «Джаким» системасында сертификатталған біздің Қазақстаннан басқа ел жоқ. Сондықтан бұл жағынан ТМД елдері бойынша лидерміз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық халал өнімдер әлемдік нарыққа шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163752/)