Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес үшінші жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді. «Өзімді жақсы сезінемін, мен бабымдамын, мен дайынмын. Жеңіске жететініме, өз-өзіме, өз командама, маған қолдау білдіріп отырған адамдарға сенімдімін. Кімнің мықты екенін ринг көрсетеді», - деді Головкин. Тілшілерге сұхбат бергеннен кейін боксшылар дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді. Головкин-Альварес жекпе-жегін қазақстандықтар 18 қыркүйек күні «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде, ал сайттарынан онлайн көре алады. Басталуы – 18 қыркүйек, таңғы сағат 06:00.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Головкин мен «Канело» баспасөз мәслихатын өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163756/)