Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыты – азаматтарға қамқорлық көрсету, халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл туралы Президент жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Талқылау кезінде Президенттің Жолдауы елдің саяси, қоғамдық және экономикалық өміріндегі ең ауқымды жүйеге айналғаны сөз болды. Сондай-ақ қатысушылар тұрғындардың әлеуметік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Тастемір Әбішов, ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссияның хатшысы:
Азаматтардың біздің елімізде тұрып жатқан өзге де адамдардың, олар қандастар болсын, азаматтығы жоқ адамдар болсын солардың әлеуметтік экономикалық құқықтарын әлеуметтік-экономикалық деңгейде және Қазақстанның адам құқықтары саласында ратификацияланған халықаралық шарттары бар. Соның нормаларына сәйкес, қорғауды жүзеге асыру көзделген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тастемір Әбішов: Азаматтардың құқығы қатаң сақталуы керек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163785/)