Бүгін - Қырғызстанда қаралы күн. Ел Тәжікстанмен арадағы шекарада болған қарулы қақтығыстан қаза тапқандарды аза тұтып жатыр. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, атыстан көз жұмғандардың саны 59-ға жеткен. 144 адам зардап шекті. 140 мыңдай тұрғын эвакуациялануға мәжбүр болған. Ал Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі болса, өз жағынан 38 адам қаза тапқанын мәлімдеді. Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс қыркүйектің 14-де басталды. Екі тарап шабуылға бірін-бірі айыптады. Кейін қос мемлекеттің басшылары атысты тоқтату, шекарадан қосымша күштерді әкету туралы келісімге келді. Қазіргі уақытта Қырғызстан мен Тәжікстан әскерилері осы келісімді сақтап отыр.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163848/)