Бүгін Ұлыбританияда Патшайым Елизавета Екіншіні жерлеу рәсімі өтеді. Марқұммен қоштасу үшін Лондонға 1 миллиондай адам жиналған. Вестминстр аббатығында өтетін жаназа рәсіміне 500-дей мемлекет басшысы қатысады. Бұған дейін патшайымды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды. Қыркүйектің 14-нен бері Вестминстр-холлда марқұммен қоштасу өтіп жатыр. Патшайым Винздор сарайында марқұм күйеуі - Филипп ханзаданың қасына жерленеді. Еске салайық, 70 жыл бойы билік құрған Елизавета Екінші 8 қыркүйек күні 96 жасында қайтыс болды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Ұлыбританияда Патшайым II Елизаветаны жерлеу рәсімі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163858/)