Қала күніне орай «Сүйем сені Алматы» көше мәдениеті фестивалі, Абай шығармашылығына арналған театрландырылған перфоманс өтті. Сондай-ақ арт базарда сүретшілер мен қолөнершілердің туындылары қойылды. Белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған концерт ұйымдастырылды. Сондай-ақ халық назарына «Дос-Мұқасан», «Арай», «Жетіген» топтарының шығармашылығына арналған камералық форматтағы концерт ұсынылды. OPERALIA халықаралық классикалық өнер фестивалінің гала-концерті өтіп, танымал өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы қаласына 1006 жыл толды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163869/)