![«Тұңғыш» атты киноапталық басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77712.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Енді алдағы бір аптада астаналықтар еліміздің Тұңғыш Президентінің өмірімен киноэкран арқылы таныса алады. Астанада «Тұңғыш» атты киноапталық басталды.
Шара Президент күніне орай ұйымдастырылып отыр. Оның аясында Елбасы туралы 20-ға жуық фильм көрсетілмек. Апталықтың ашылуы бүгін Елбасы кітапханасында өтті.
Биыл екінші мәрте өтіп отырған киноапталықты 5000-ға жуық адам тамашалайды деп күтілуде. Кинотеатрдан бөлек, фильмдер осы аптадан бастап отандық телеарналардан да көрсетілетін болады.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Тұңғыш» атты киноапталық басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16389/)