Президентті 7 жылда бір рет сайлау туралы заң алдағы уақытта өзгермейді. Әділет министрі Қанат Мусин осылай деді. Өйткені, Конститутцияның 91-бабына өзгермейтін нормалар енгізілген. Енді оның қатарына Президент сайлауы туралы норма енгізіледі. Ал заң тәртібін қадағалау - конститутциялық соттың міндеті болмақ. Еске салсақ, Президент Жолдауына сәйкес енді Мемлекет басшысы 7 жылда бір рет сайланады. Одан кейін қайта сайлауға түспейді .
Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:
91-бапта өзгермейтін нормалар көрсетілген. Оның ішінде мемлекеттік суверинитет, территориялық тұтастық. Енді 7 жылда бір рет президентті сайлау туралы норма кірді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президентті 7 жылда бір рет сайлау туралы заң алдағы уақытта өзгермейді - Қанат Мусин&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163913/)