Мемлекетке жалпы соммасы 523 миллард теңгеден астам қаржы қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Қылмыстық істерді тергеп-тексеру кезінде ел қазынасына шамамен 518 миллиард теңге өтелді. Оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан қайтарылған қаржы көлемі: 173 миллион доллар. Прокурор актілері бойынша құны 5 миллиард теңгеден асатын 75 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті. 600-ден астам теміржол және соған қарасты жер телімдері қайтарылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекетке 523 миллард теңгеден астам қаржы қайтарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163920/)