«Астана» атауы брендке айналған. Оны әлем таниды. Сол себепті бас қаламыздың атын қайтару - естуші мемлекет екеніміздің тағы бір дәлелі. Еліміздің зиялы қауым өкілдері осындай ойда.
Дулат Исабеков, жазушы:
Қаланың бұрынғы атының қайтып оралуын мен құптаймын, қосыламын. Осы бізге сіңімді болсын. Ескі үйдегі жаңа қоныс дегендей-ақ, ескінің жаңа есімі құтты болсын, елордамыз, астанамыз гүлдене берсін.
Смағұл Елубай, жазушы:
Қаланың қайта тууы, құлпыруы, еңсе көтеруі - Астана атауымен тікелей байланысты болды ғой. Сондықтан да астаналықтардың Астана атауын аңсайтыны осыдан деп ойлаймын. Халық үнін естуші мемлекетте тұрып жақанымызды бір сездік.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зиялылар: Бас қаламыздың атын қайтару - естуші мемлекет екеніміздің тағы бір дәлелі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163940/)