Жапонияға өткен аптада соққы берген «Нанмадол» дауылынан кейін лай көшіп, су тасқыны жүрді.
350 мыңдай үй әлі электр жарығынсыз отыр. Тайфун кезінде 2 адам қаза тауып, 90 тұрғын жараланған. 9 миллиондай адамға көшуге кеңес берілді. Ауа-райын бақылаушылардың болжамына сай, соңғы бір тәулікте 400 мм-дей жаңбыр жаууы мүмкін. Күші 5-санаттағы дауылға тең болған "Нанмадол" жылдамдығы-- сағатына 234 шақырымға жететін жел, толассыз нөсер жауын әкелді. Осыған орай ел астанасы Токиода жедел пойыздар, паром қозғалысы, жүздеген ұшақ рейсі доғарылды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапонияда «Нанмадол» дауылынан кейін лай көшіп, су тасқыны жүрді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163947/)