Қазақстан мен АҚШ-тың тауар айналымы биыл 400 млн долларға артып, арадағы сауда-саттық 1,5 млрд долларға жетті. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, біздің елден 769 млн долларға тауар экспортталған. Олардың көбі мұнай, ферроқорытпа, күкірт, газ және қара металдан жасалған өнімдер. Ал АҚШ-тан шамамен 778 млн долларға өнімдер импортталды. Техникадан бөлек, жеңіл және жүк көліктері, ет өнімдері, вакцина, автомобиль құралдары, дәрі-дәрмек те бар.
Статистика бюросының дерегіне сәйкес, АҚШ инвесторлары Қазақстанда ғылым, техника бағытында 85 компания ашқан. Жалпы қазір 700-ден аса шетелдік компания бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ инвесторлары Қазақстанда ғылым, техника бағытында 85 компания ашқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163969/)