Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөз жүргізді. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, энергетика және көлік-логистика салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды. Еуропалық комиссияның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде іске асып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия президентімен келіссөз жүргізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163981/)