Қарағанды облысының Сарышаған елді мекені маңында жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 4 адам қайтыс болды. Тағы жарақат алғандар бар.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Өкінішке орай қайғылы жағдай салдарынан қос көліктің жүргізушілері және автобустың бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ тағы бір жолаушы жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған.
Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 11 жолаушы болған. Олардың барлығы да – Балқаш қаласының дәрігерлері. 8 медицина қызметкері түрлі дене жарақатын алған. Жол-көлік оқиғасы полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 4 адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163982/)