Алматы - Петропавл бағытында жүретін №105 жолаушылар пойызы техникалық вагондағы ақауға байланысты шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір Қарағанды - Астана учаскесінде аялдаған пойыз жолаушыларын межелі орындарына жеткізу жұмысы ұйымдастырылып жатыр. Осы оқиға бойынша тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы - Петропавл пойызы шұғыл тоқтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163983/)