Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысында қаза болған дәрігерлердің отбасына көңіл айтып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді. Сарышаған ауылы маңында көлік апатынан 2 дәрігер қаза тапқанын бұған дейін хабарлаған едік. Тағы 8 медицина қызметкері зардап шекті. Олар мінген автобус жүк көлігімен соқтығысқан. Бір апта бұрын Қарағанды - Аягөз - Бұғаз тас жолының бойында жеңіл автакөлік жүк көлігімен соқтығысып, Қарқаралы аудандық ауруханасының бас дәрігері қайтыс болған еді. Премьер-министр Үкіметтің таяудағы отырысының күн тәртібіне жолдағы қауіпсіздік мәселесін енгізуді тапсырған.
Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Автобустың тағы бір жолаушысы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 11 адам болған. Аталған факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкімет басшысы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163992/)