Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіру жұмыстарына 1 миллион доллар бөлді. Абу-Дабиге ресми сапармен барған Премьер-министр Әлихан Смайылов шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Үкімет басшысы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде дипломатиялық қатынас стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген. Соңғы жылдары түрлі саладағы бірлескен жобалар да артқан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге 1 млн доллар бөлді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/163993/)